01Қоғам

Елорда әкімі үміткерлермен кездесті

Nur Otan партиясының елордалық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтандағы әр аудан кандидаттарымен кездесті. Бұл туралы елорда әкімі өз “инстаграм” парақшасында жазды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
“Праймеризге қатысушылардың бағдарламалары елорданы дамыту мен әлеуметтік қолдау шараларын жақсартуда ескеріледі. Екі күн бойы Нұр-Сұлтан қаласының әр ауданынан бәсекеге түскен кандидаттармен кездестім. Жүздесулер барысында “Ашық микрофон” форматында қатысушылар бағдарламаларының бағыттары мен одан әрі ынтымақтастық мүмкіндігі талқыланды.

Олар мектеп үйірмелерінің желісін кеңейту және ерекше қажеттілігі бар азаматтарды оңалту, экологияны жақсарту және шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғын үй шаруашылығын жаңғырту және баспана алу бағдарламаларына жаңа әдістерді енгізуге дейінгі сындарлы ұсыныстар айтты. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа Жолдауында осы бағыттарды дамытуға назар аударды. Олар сондай-ақ «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрініс тапты.

Қатысушылар праймеризді өткізуге барынша жауапкершілікпен қарады. Әр қатысушы халыққа түсінікті, мәселелерді шын мәнінде шешетін бағдарламаларды ұсынды. Олардың бағдарламаларды одан әрі дамыту үшін қажетті тәжірибесі бар екенін анық көруге болады.

Барлық аудандардағы үміткерлер бұл соңғы нәтиже емес екенін, бағдарламаларды іске асырудың бастамасы ғана екенін айтып отыр. Праймеризге қатысушыларды жобаларды әзірлеуге және талқылауға тікелей тарту, қандай да бір идеялар мен ұсыныстар егжей-тегжейлі талқыланатын алаң құру туралы идеясын қолдадым. Өз тарапымыздан праймеризге қатысушылардың жақсы бастамалары мен жобаларын ескереміз.

Үгіт-насихат жұмыстары жаңа тұлғаларды, идеялар мен тәсілдерді анықтауға мүмкіндік берді. Партия көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев праймериздің мақсаты халықтық партиялық тізімдерді қалыптастыру және барлығына тең жағдай жасау екенін атап өтті. Бұл – жасқа, тамыр-таныстыққа қарамайтын әлеуметтік лифт.
Бірлескен күш-жігердің арқасында үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады”, – деп жазды елорда әкімі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button