Қазақстанда ипотека көлемі 60%-ға өсті
Мұндай деректерді «Орда» ипотекалық өнімінің қарыз беру статистикасы негізінде Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ ұсынды. 2020 жылғы 8 айда «Орда» ипотекасы аясында ипотекалық кредиттеу 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 61,5%-ға өсті.
Компанияның мәліметінше, 2020 жылдың 1 қаңтарынан 31 тамызына дейін қазақстандықтар «Орда» ипотекасы бойынша 7,5 млрд теңгеден астам сомаға 545 қарыз алған. Республика бойынша рәсімделген қарыздың ең жоғарғы сомасы 64 млн теңге, ең төменгі – 3 500 000 теңге. Қарыздың орташа сомасы-13 млн теңге. Бағдарлама бойынша орташа айлық төлем 161 907 теңге. Бастапқы және қайталама нарықтағы тұрғын үйлерді сатып алуға берілетін қарыздар саны бойынша алдыңғы орында Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды қалалары тұр.
«Орда» ипотекасы нарыққа 2018 жылдың қазан айында ұсынылды. Осы уақыт ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 17 млрд теңгеден астам сомаға 1350 қарыз берілді.