01Қоғам

Құтқарушылар кеңес береді

“Елордадағы Төтенше жағдайлар департаменті терезелерді ашық қалдырмауға, балаларды терезе алдына шығармауға,сондай-ақ мүмкіндігінше шектеу орнатуға кеңес береді”,- деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының басшысы Еркін Отарғалымұлы брифингте балалардың қауіпсіздігін мұқият бақылауға шақырды. Судағы оқиғалар мен өрт қаупі сияқты факторлармен қатар, үйлердегі ашық терезелер де балаға қауіп төндіреді. 2018 жылдан бастап елордада терезеден құлау салдарынан 70 бала зардап шекті. Осы жылдың басынан бері осындай 28 жағдай тіркелген.

“2 жастан 7 жасқа дейінгі балалардың терезеден құлауы өте жиі кездеседі. Бұл жыл сайын қайталанып келеді. Балалардың құлауының негізгі себебі – оларды ашық терезе жанында қараусыз қалдыру. Бала өз қызығушылығына байланысты үйде қараусыз қалып, аулада балалардың ойнап жүргенін естиді және терезеге қарай ұмтылады”, – деп атап өтті Еркін Отарғалымұлы.

Төтенше жағдайлар департаменті балалардың терезеден құлау қаупін азайту үшін, ата-аналарға ережелер әзірледі. ТЖД балаларды ашық терезе жанында қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Бала терезеге көтеріле алмайтындай етіп жиһаз қою керек. Масалардың торы құлаудан қорғамайтынын есте ұстаған жөн. Баланы арнайы шектегіштер мен бекіткіштер ғана қорғай алады. Сонымен қатар, балалармен әңгімелесу және терезеде ойнау өте қауіпті екенін түсіндіру маңызды.

Көп қабатты үйлерде биіктіктен ересектер де құлайды. 2020 жылдың басынан бері елордада осындай 14 жағдай тіркелген. Қайғылы оқиғалардың бірі – 14 қыркүйекте парапет арқылы пәтеріне кіргісі келген тұрғын болды, бірақ алтыншы қабаттан құлады. Алған жарақаттарының нәтижесінде ол қайтыс болған.

ТЖД қалада төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша міндеттерді орындауға дайын азаматтық қорғау қызметі тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейтінін еске салады.

Қиын жағдайда елордалықтар 101 немесе 112 нөмірлері бойынша көмек сұрай алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button