“Қатысушылар ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асырудағы жетістіктер мен перспективаларды талқылады”,- деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл: сын-қатерлер, жетістіктер, тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қатысушылар заманауи этносаясат саласындағы өзекті мәселелерді, мәдени мәселелер бойынша халықаралық өзара іс-қимыл және жаһандану дәуіріндегі толеранттылықты қалыптастыру; Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық қызметінің нәтижелері, ҚХА-ның 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын іске асыру перспективаларын талқылады.
Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев Елбасының саяси ерік-жігерінің арқасында азаматтық теңдіктің нақты институционалдық тетіктері құрылғанын және ол үнемі жетілдірілу үстінде екенін атап өтті.
«Көпұлтты Қазақстан үшін этносаралық келісімді қамтамасыз ету маңызды басымдықтардың біріне айналды. Біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын реттейтін кешенді нормалар бар. Біздің еліміз бастапқыда мәдениеттердің, тілдер мен дәстүрлердің әртүрлілігін мойындайтын азаматтық қоғамдастық құру жолын таңдады. Екіншіден, мемлекет дәйекті түрде ұлттық саясаттың ойластырылған стратегиясын жүзеге асыра отырып, ұлтаралық қатынастар саласындағы тұрақтылықтың кепілі ретінде әрекет етеді», – деді Ж. Түймебаев.
Сондай-ақ спикер елде оқшаулау стратегиясын таңдайтын этникалық топтар жоғын атап өтті.
«Осы жерде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Комсомольская правда» газетіне берген сұхбатын (2020 жылғы 3 маусым) еске алған орынды. Онда ол «Қазақстандықтар өздерінің этникалық тегіне қарамастан өздерін біртұтас халық, біртұтас ұлт деп санайды» деген. Мемлекеттік құрылымның жаңа кезеңінде «бейбітшілік пен келісім» қағидасының маңызы арта түседі», – дейді ол.
Айта кетейік, конференцияға Ресей халықтары Ассамблеясының, Қырғызстан халқы Ассамблеясының, Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінің, бірқатар елдердің Қазақстандағы елшіліктерінің өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері, ғалымдар қатысты.