01Қоғам

Кәріз қақпақтарын ұрлағандар ұсталды

“Полиция департаментінің мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап күдіктілер 15 қақпақ ұрлап үлгерген”,- деп хабарлайды елорда әкімінің ресми сайты.

Криминалдық полиция қызметкерлері елорда аумағындағы люктердің шойын қақпақтарын ұрлаумен айналысқан бір топ ұрыны ұстады. Олар Солтүстік Қазақстан облысының 23 жасар азаматы және Қостанай облысының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. 1 қыркүйектен бастап күдіктілер 15 қақпақ ұрлағаны белгілі болды.

“Түнгі уақытта БМВ автокөлігімен жігіттер индустриялық парк аумағына келіп, люктердің қақпақтарын ұрлап кеткен.

Ұрылар мінген автокөлік бейнекамераларға түскен, содан кейін көлік иесі анықталып, ұсталды.

Қақпақтарды жігіттер орман зауыты аумағындағы металл қабылдау пунктіне тапсырған. Нәтижесінде 15 шойын қақпақ тәркіленді”, – деді полицейлер.

Ұрланған мүлікті сатып алушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 196-бабы бойынша қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілуде. Сонымен қатар, ол “ұрланған мүлікті сатып алушы” ретінде есепке алынады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізілуде. Ұсталғандар уақытша изоляторға қамалды. Күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

“Кәріз люктерінің қақпақтарын ұрлаған қаскүнемдер ең алдымен азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіргенін атап өткіміз келеді. Бұл ашық кәріз люктеріне құлап қайтыс болған екі кәмелетке толмаған баланың өлімі фактілерінен айқын көрінеді”, – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button