01Қоғам

«Көшпенділер даласы» фильмі «Алтын арыстанды» алды

Венециядағы кинофестивальдің басты сыйлығы – «Алытн арыстанды» режиссер Хлой Джаоның «Көшпенділер даласы» фильмі жеңіп алды.

Бұл хабарды Интерфакс таратты. Ертеден келе жатқан бұл фестивальдің марапаттау рәсімі оның Лидо аралындағы басты алаңында өтті. Басты сыйлық үшін 18 туынды бәске түскен болатын. Олардың қатарында «Қымбатты достар» (режиссері Андрей Кончаловский), «Болашақ әлем» (режиссері Мона Фастволд Лерче), «Апалы-сіңлілі Малакузо» (режиссері Эмма Данте), «Жаңа тәртіп»(режиссері Мишель Франко), «Көңілдестер» (режиссер Николь Гарсия), «Әйел фрагменттері»(режиссері Корнел Мундруцо) сынды картиналар болды.

«Көпенділер даласы» фильміндегі басты рольді екі Оскардың иегері Фрэнсис Макдорманд сомдаған. Оның қаһарманы, туған қаласындағы экономикалық дағдарыстың салдарынан, Американың батысына қарай өзінің фургон көлігімен саяхатқа шығады. Үздік режиссерлік жұмыс үшін «Күміс арыстанды» «Жансыздың әйелі» фильмінің авторы Киеси Куросава алды. Қазылар алқасының гран-приін Мишель Франконың «Жаңа тәртіп» фильмі иеленді. Франческо Фавино үздік актер деп танылып, Клаудио Ноченің «Біздің әкей» фильміндегі ролі үшін «Вольпи Кубогін» алды. Үздік әйел ролі үшін «Вольпи Кубогіг» Корнел Мудруцоның «Әйел фрагменттері» фильмінде ойнаған Ванессе Кирби ұтты. .

Үздік сценарий үшін сыйлық «Оқушы» фильмін түсірген Чайтанья Тамханеге бұйырды. Марчелло Мастроянни атындағы үздік дебют үшін берілетін сыйлықты, режиссер Маджид Маджидидің «Күн балалары» фильміндегі ролі үшін, Рухан Замани алды.

77-ші венеция кинофестивалі 2 және 12 қыркүйек аралығында өткен болатын. Короновирус пандемиясының салдарынан бұл көне фестивальдің қонақтары залда маска киіп отыруға және белгілі қашықтықты сақтауға мәжбүр болды, нәтижесінде зал жартылай бос тұрды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button