Самар ауданының жаңа әкімі тағайындалды
ҚР Президенті әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Самар ауданының әкімі лауазымына Жеңісов Серік Жеңісұлы тағайындалды.
Жеке меншік сектор мен мемлекеттік қызмет саласында үлкен тәжірибесі бар. Еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде бастаған. Әр жылдары ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде, ШҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, «Шығыс ақпарат» ЖШС басқарма төрағасы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласы «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ басқарушы директоры, Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
Бұл тағайындауға дейін Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымын атқарды.