Жаңалықтар

ШҚО-да мемлекеттік қызметтің мүмкіндіктері мен болашағы талқыланды

 

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Memlekettik Qyzmet: Мүмкіндіктері мен болашағы» атты форум өтуде.

Форумның мақсаты – университеттің соңғы курс студенттерін мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тарту.

Шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Ержан Айқымбеков, ШҚО ішкі саясат басқармасының Жастар ісі жөніндегі бөлім басшысы Еркебұлан Балтабеков, облыстық және қалалық басқармалардың өкілдері мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің бітіруші курс студенттері қатысты.

Форум аясында “Қазіргі қоғамдағы мемлекеттік қызмет: сын-қатерлер, мүмкіндіктері және болашағы” тақырыбында пікір алмасу алаңы, оқытушылардың шеберлік сағаттары және мемлекеттік қызмет басқармаларының бос орындар жәрмеңкесі өтті. Онда мемлекеттік органдардың өкілдері университет түлектерін іс-тәжірибеден өтуге және одан әрі жұмысқа орналасуға іріктеп, бос жұмыс орындарын ұсынады.

Департамент дерегі бойынша, қазір облыста төрт мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар. Олардың қатары жыл сайын жас мамандармен толығып отырады. Мәселен, былтыр 9, биыл 24 студент аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік органдарға конкурстан тыс қабылданған.

Шара ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару филиалының доценті Айгүл Сейілханның қатысуымен өткен «Адал азамат тұлғасы және бүгінгі жастар» атты панельдік сессиямен жалғасты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button