Жаңалықтар

Астанада мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу бойынша семинар-тренинг өтті

 

4 желтоқсан күні Астана қаласының мемлекеттік архиві қызметкерлері үшін «Іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу әдістемелері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараны тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы өткізді.

Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметкерлерге іс-қағаздарын қазақ тілінде дұрыс жүргізу, құжаттарды рәсімдеудің стандарттары мен әдістемелерін үйрету. Лектор ретінде филолог, лингвист және редактор Қожабек Назгүл Базарғалиқызы шақырылды.

Теориялық бөлімде қатысушылар іс-қағаздар жүргізудің негізгі принциптері мен талаптарын талқылады. Мемлекеттік тілдегі ресми құжаттардағы жиі кездесетін қателер мен оларды түзету жолдары көрсетілді.

Практикалық бөлімде архив қызметкерлері құжаттарды редакциялау және түзету жұмыстарын орындап, құжат сапасын арттыру бойынша ұсыныстар алды. Лектор нақты мысалдар келтіріп, қатысушылармен интерактивті жұмыс жүргізді.

Іс-шара соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, кері байланыс алды. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Семинар мемлекеттік тілде құжат айналымын жетілдіруге және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button