АЭС: Тұрақты және сенімді қуат көзі
Самар аудандық Халықтық штаб мүшелері Гүлнар Шаймарданова мен Айнұр Отаршина ауыл шаруашылық саласының қызметкерлерімен кездесті.
Атом электр станциясы Қазақстанның энергетикалық жүйесін әлемдік энергетикалық нарықтағы өзгерістерге төзімді етеді, көмірсутектерге тәуелділікті азайтып, мұнай мен газдың әлемдік бағасындағы ауытқулардан елдің экономикасын қорғайды. Бұл Қазақстанға экономиканың тұрақтылығын арттырып, шығындарды алдын ала болжап отыруға мүмкіндік береді.
«Тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ету экономиканы, әлеуметтік саланы дамытудың және халықтың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің негізі болып табылады»,- дейді Айнұр Отаршина.
АЭС құрылысының жобалары ел экономикасына қомақты инвестиция тартып, инфрақұрылымды және онымен байланысты салаларды дамытуға ықпал етеді.