Басты жаңалықЖаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері аяз болады

Синоптиктер Қазақстанда 11, 12 және 13 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды janalyq.kz.

Болжам бойынша Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтал бөліктер ықпалында болады, сондықтан түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. 11-12 сәуірде республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз батыста және оңтүстік облыстарда найзағай ойнайды, орталықта, шығыста және оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады.

“Ел аумағының басым бөлігінде температура фонының айтарлықтай ауытқуы болжанбайды. Тек республиканың солтүстік және шығыс облыстарында 12-13 сәуірде түнде ауа температурасы 1-13 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі”, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button