Басты жаңалықЖаңалықтар

Алматы облысының әкімі Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев барша нәзік жандыларды 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

«Ардақты ақ жаулықты аналар, аяулы арулар!Баршаңызды мейірім мен шапағатқа толы көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сіздердің жетістіктеріңіз жұртты жігерлендіріп, жаңа биіктерге жетелейді, жастарға үлгі-өнеге болады. Әрқайсыңыздың белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз қоғамдағы көптеген өзекті мәселені ұтымды шешуге және елімізді жан-жақты дамытуға ықпал етеді. Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізуде», – деген сөздері әйел затына ерекше ықылас пен құрметті білдіреді.

Облысымызда 370 мыңға жуық әйел әр салада аянбай еңбек етіп, өңірдің дамуына мол үлес қосып келеді.

Қалыптасқан дәстүр бойынша білім (26 мыңнан астам) және медицина (11 мыңнан астам), халықты әлеуметтік қорғау (2 мыңға жуық) жүйелерін аялы алақанды әйелдерсіз елестету мүмкін емес.

Осындай басымдық қызмет көрсету секторында да байқалады. Ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдардың бестен бірі (1/5) әйелдерді құрап отыр.

Кәсіпкерлік саласында тек былтырғы жылдың өзінде бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін қайтарымсыз 260 гранттың 160-ын әйелдер жеңіп алған.

Бүгінде облысымызда 67 мыңнан астам көпбалалы аналар бар. Олардың 18 мыңнан астамы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері. Осындай жандар барлық қошеметке лайық!», – деді обылыс әкімі.

Сонымен қатар, Марат Сұлтанғазиев 8 наурыз мерекесімен Президент атынан құттықтау үшін Іле ауданына барды.

Өңір басшысы Қазақстан Республикасының «Халық ағарту ісінің үздігі», «Мәдениет қайраткері» белгісінің иегері, «Алматы облысының және Іле ауданының Құрметті азаматы», ұлағатты ұстаз, әке жолын қуған әнші Төрткен Кененқызының шаңырағына арнайы барып, келіп жеткен көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Жылы шырай танытып қарсы алған Төрткен апай, облыс басшысының құттықтауын қуанышпен қабыл алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button