Басты жаңалықЖаңалықтар

Ақтөбе облысындағы жылыту пунктілерінде 938 адам отыр

Ақтөбе облысында автожолдардан 7 ақпаннан бастап қазірге дейін ауа райының нашарлауына байланысты 912 адам эвакуацияланды. Оның 602-і – шетел азаматы және 31-і – бала, деп хабарлайды janalyq.kz.

“Ал кеше 193 жолаушы эвакуацияланды. 7-9 ақпан аралығында ауа райының нашарлауына байланысты 161 адам оның ішінде 17 бала, 7 жүкті әйел, 6 шетел азаматы құтқарылды”, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Адамдарды эвакуациялау және автомобильдерді шығару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарына 102 техника, 290 адам тартылды.

Қазіргі таңда облыстың жылыту пунктілерінде 938 адам бар. Жолаушылар азық-түлікпен қамтамасыз етілген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button