Басты жаңалықЖаңалықтар
Автобус жер астына түсіп кеткен: қайғылы оқиғаға жауапты 7 адам анықталды
Адамдар мінген автобус кімдердің кінәсінен жер астына түсіп кеткені анықталды, – деп хабарлайды janalyq.kz.
Павлодар облысындағы “Майқайнзолото” АҚ аумағында болған апатты тексеру комиссиясы 4 қаңтар мен 24 қаңтар аралығында жүргізген арнайы тексеру қорытындысын жариялады.
“Комиссия 7 жауапты адамды анықтады, олардың әрекеті жазатайым оқиғаға әкеп соқты. Еңбек заңнамасына сәйкес тергеу материалдары құқық қорғау органдарына берілді”, – деп хабарлады ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысы Данияр Андасов.