Басты жаңалықЖаңалықтар

Астанада мыңдаған тұрғын жұмыссыз қала жаздады

Елордада инвестор мүлікті тіркеу кезіндегі қағазбастылық кесірінен 3 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ететін құны 11 миллиард теңге болатын инвестициялық жобасын іске қоса алмады, – деп хабарлайды janalyq.kz.

“Осы мақсатта ЖШС жүгінген фронт-офис жұмыс істейді. Бұл кәсіпорын инвестиция сомасы 11 миллиард теңге болатын, 3 000 жұмыс орнын ұсынатын “Астана қаласында азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың әмбебап қоймасы” жобасын іске асырып жатыр.

Бүгінде инвестициялардың барлық сомасы игерілді”, – делінген хабарламада.

Алайда нысанды пайдалануға беру кезінде инвестор уәкілетті органдар тарапынан жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша созбалаңға салу жағдайына тап болған.

“Елордалық прокуратураның инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмысы шеңберінде проблемалық мәселені шешу бойынша шаралар әзірленді. “Азаматтарға арналған үкімет” КЕАҚ объектінің техникалық паспортын тіркеді, бұл инвесторға логистикалық орталықты толыққанды пайдалануға мүмкіндік береді.

Проблемалық мәселелер туындаған кезде, инвесторлар 8-747-216-15-58 телефоны арқылы бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топқа жүгіне алатыны туралы еске саламыз”, – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button