01ЖаңалықтарТехнология

Нұр-Сұлтанда қалай онлайн жұмысқа орналасуға болады?

«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының 117 инфрақұрылымдық жобасы бойынша бірнеше апта ішінде 78 жұмыс берушіге 2 370 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Сіз cz.astana.kz порталының DKZ 2020 бөлімінде жобалардың тізімін қарап, өзіңізге сәйкес бос жұмыс орынын таңдай аласыз», – деп жазды қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің https://t.me/MBekturova телеграм арнасында.

6c7148d09a62f65e80f3fab96b49bf93.jpg

Сонымен қатар бұл қызметті офлайн режимде алуға болады. Ол үшін Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыспен қамту орталығына онлайн-кезекке тұру қажет. Әрі қарай маман бос жұмыс орындарының тізімін ұсынып, жұмыс іздеуші ретінде тіркейді және әңгімелесуге жолдама береді.

Толық ақпаратты «Атамекен» ҰКП мобильді жұмыспен қамту орталықтарынан, мына мекен-жайлар бойынша алуға болады: Бөгенбай батыр даңғылы, 6/5; Алаш тас жолы 31/1; Гете көшесі, 1; Н. Тілендиев даңғылы 24; Абылайхан даңғылы, 31; Ш.Уәлиханов көшесі, 24; Қабанбай батыр даңғылы, 21; Шалкөде көшесі, 1.

Дереккөз: astana.gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button