Жаңалықтар

Қазақстанда волонтерларды қолдау орталықтары ашылды

Волонтер жылы аясында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Birgemiz: Taza Álem» жалпыұлттық жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлады Strategy2050.kz Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда волонтерларды қолдау орталықтары ашылды

Жобаны іске асыруға 55 миллион 693 мың теңге қаржы бөлінген.Оның мақсаты – азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту саласында волонтерлер қызметіне тарту, ағаш отырғызу мен қоқысты сұрыптауға үйрету, экологиялық волонтерлер қозғалысымен өзара әрекеттесу болып табылады.

 Жобаны іске асыруда азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу мен қоқысты сұрыптауға үйрету, нақты жергілікті міндеттерді шешуге бағытталатын 300 мың теңгеге дейін 68 шағын гранттар бөлу көзделді.

  «Азаматтарды қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету мақсатында 3 облыста мүдделі ұйымдармен, түрлі эко-қозғалыстармен ынтымақтастық туралы меморандум жобасы әзірленді. Қостанай, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарының жастар ресурстық орталықтарында волонтерлерді қолдау орталықтары ашылды»-делінген хабарламада.

  Сондай-ақ жоба аясында азаматтардың экологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жер күні» халықаралық мерекесінің 50 жылдығына арналған онлайн акция өткізілді. Акция барысында түрлі онлайн вебинарлар, мастер-класстар, викториналар, ұтыс ойындары және экоквест болып өтті.

Дереккөз: strategy2050.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button