Басты жаңалықЖаңалықтар
Алматы облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды
Алматы облысында Audi және Renault көліктері соғылды. Бес адам қаза тауып, үш бала ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды janalyq.kz
6 тамыз күні сағат 20:40 шамасында Audi автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі «Алматы – Көкпек – Көктал» тас жолымен шығыс бағытта келе жатып, 181 шақырымда тізгінге ие бола алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, Renault көлігіне соғылды, – деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті
Апат салдарынан бес адам алған жарақаттарынан көз жұмды. Түрлі жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды.