05

Қапшағайда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада өтті

Конституция күні қарсаңында Қапшағайда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада аяқаталды. Спартакиада футбол, волейбол, баскетбол мен шахмат пен дойбы ойындары бойынша өтті. Жарысқа 20-дан астам адам қатысты. Сайыс “Бізбен бірге” қоғамдық қорының қолдауымен өтті. Жарыс “Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ-де өтті.

  • Біздің орталықта 130-дан астам адам қаралады. Денсаулықтарынадағы ерекшеліктерін қарамастан, олар футбол, волейбол, баскетбол ойнап, спортпен белсенді түрде айналысады. Қазіргі пандемия уақытында көп жандар қозғалыс тапшылығын сезініп жатыр. Сондықтан, осындай жарыстарды өткізу маңызды, – дейді Қапшағай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының маманы Алмаз Ахатқызы.

Спартакиада жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен арнаулы алғыс хаттармен марапатталды.

Спартакиадаға Қапшағай қаласы ішкі саясат бөлімі мен “Бізбен бірге” қоғамдық қоры қолдау көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button