«Азаматтарға арналған үкімет» Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының хабарлауынша, келесі айда халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін демалыс күндері 1, 2, 7, 9 және 10 мамыр болады. Дүйсенбі, 3 мамырда ХҚО сенбі күні үшін жұмыс істейді, сондықтан бөлімдер 09:00-ден 15:00-ге дейін ашық.
Қызмет алушылардан келуді алдын ала брондауды сұрайды.
Естеріңізге сала кетейік, Өскемен және Семей ХҚО-тары азаматтарды кезекті алдын ала брондау бойынша қабылдайды. Мұны төрт жолмен жасауға болады: eGov.kz порталда, eGovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы немесе 1414 бірыңғай колл-орталығына қоңырау шалу арқылы.
Ол үшін «ХҚО-қа кезекті брондауды» қызметтер тізімінен таңдау, жеке деректерді толтыру, күнін, уақытын, бөлімін таңдау және тағайындалған уақытқа дейін 5-10 минут бұрын келу қажет. Сәтті брондау кезінде телефонға SMS растау келеді.
– Азаматтарды барынша онлайн режимде жүгінулеріңізді сұраймыз, өйткені бүгінгі күні ХҚО-на бармай-ақ алуға болатын қызметтердің 90% – ы электрондық форматқа ауыстырылды. Егер сізге қажетті қызмет әлі онлайн қолжетімсіз болса, орталыққа келуді алдын ала брондаңыз, ХҚО – на барған кезде міндетті түрде әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау қажет, сондай-ақ халықтың шоғырлануы аз болуы үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ғана келуін сұраймыз, – деді филиал директоры Азамат Есембулов.
Облыстың Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00 – ден 18.00-ге дейін, сенбі күні-09:00-ден 15:00-ге дейін