«Қыз еркем, қылығымен көркем» тақырыбы аясында әйел жамағатына арналған отбасылық байқау ұйымдастырылды
2020 жылдың 7 наурызы күні сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы және Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «4 апта – 4 қадам» кешенді жобасының «Мәдениет» аптасына сәйкес, «Қыз еркем, қылығымен көркем» тақырыбы аясында әйел жамағатына арналған отбасылық байқау ұйымдастырылды.
Ұлттық құндылықтар мен отбасылық құндылықтарды насихаттайтын отбасылық байқаудың ерекшелігі аналар 6-8 жас аралығындағы қыздарымен жұптасып өнер көрсетті.
Байқаудың арнайы қонақтары Қоғам қайраткері, тіл жанашыры, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің басшысы Оразкүл Асанғазықызы, ҚМДБ әйел-қыздар секторының меңгерушісі, белгілі исламтанушы Ақбөпе Тілегенова, Нұр Сұлтан қаласы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті ұстазы, «Инабат» қыз-келіншектер клубының жетекшісі Динара Нұрғалиева, Нұр Сұлтан қаласы «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Ақтай ханымдар. Ұйымдастырылған іс-шара соңында күн тәртібінде қарастырылған тақырыптар қорытындыланды. Сонымен бірге, әйел жамағатымен арнайы кофе-брейк ұйымдастырылып, жалпы фото жасалынды.