Қоғам

Терроризм мен экстремизм мемлекет, ұлт таңдамайтын – індет

Терроризм мен экстремизм мемлекет, ұлт таңдамайтын – індет. Осы індетпен күресу үшін, бір ортақ жүйе ұсынылуы қажет болды. Аталмыш негізде, Елбасы, Н. Назарбаевтың сарабдал саясаты нәтижесінде, бірнеше негізгі игі бастамалар қолға алынды. Сириядағы соғыс аймағынан отандастарымызды елге қайтаруға бағытталған «Жусан» операциясы және Қазақстандық балаларды Ирактан шығару бойынша «Русафа» операциясы сәтті аяқталды. Бұның барлығы, Елбасы Н. Назарбаевтың халықаралық аренадағы жоғары беделінің және еліміздің бейбітшілік бастамалары, қағидаттары негізінде жүзеге асты. Бұл жүргізілген ауқымды іс-шаралар, тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін әлемдік қауымдастық алдындағы өте маңызды іс-шаралар болуымен қатар, мемлекеттіміздің ең қымбат қазынасы – адам екенін көрсететін айнымас бір дәлел болды.

Қазіргі таңда, елге қайтарылған азаматтарына салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ұйымдастырылған жұмыс өзінің нәтижесін беріп, ал оның тиімділігі бірлікпен бірте-бірте өсіп келеді. Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен алдағы жылыда «Жусан» операциямен елге оралған азаматшаларды қолдауға және қазіргі қоғамға тез бейімделулеріне бағытталған іс-шаралар жалғасын табады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button