Тыйым салынған діни дәрістерді тарату бойынша айыпталушы Сабитова Самал есімді респондентпен сұхбат
(Аты-жөні өзгертілген)
-Самал ханым, өзіңіз жайлы қысқаша мәлімет бере кетсеңіз…
– Мен Сабитова Самал 1993 жылы дүниеге келгем, негізі отбасысымызбен Өзбекстан елінен көшіп келген оралманбыз. Қазір тұрмыстамын, 3 балам бар,үй шаруасындамын.
-Сізге қандай негізде айып тағылып отыр?
– Маған ҚР аймағында тыйым салынған діни дәрістерді интернет желісінен жүктеп, сақтағаным үшін, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, ҚР аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату бабы бойынша әкімшілік іс жүргізіліп жатыр.
– Түсінікті, қай жылдан бастап дінге бет бұрдыңыз?
– Мен 2009 жылдан бастап намаз оқып бастадым және кезінде қалалық мешіттердің бірінде Құран оқып үйренуді, араб тілінің алғашқы сабақтарына қатысқаным бар. Сол кезде Назратулланың, Ділмұраттың уағыздарын тыңдаған едім. Ал қазір көп уағыз тыңдай бермеймін және діни білімді ары қарай жалғастыруыма да уақыт болмайды.
– Қазіргі таңда «діни бауырларыңызбен» араласып тұрасыз ба?
– Иә, сестралармен банда-санда. Бұрынғыдай көп адамдармен араласа бермеймін. Өзімнің жақын араласатын 5 балалы, бір баласы мүгедек Жанар деген әйелмен жақын араласып тұрамыз.
– Күйеуіңіздің, яғни жалпы отбасыңызбен дінмен байланысы қалай?
– Отбасымызбен намаз оқитынымыз болмаса, діни кітаптар оқу, діни сауат ашатын курстарға бару жоқ. Үлкен балам мектепте, өзім екі баламен үйдемін, күйеуім таңертеңтен кешке дейін жұмыста болғандықтан ондай нәрселерге уақыт болмай жатады. Жалпы алған діни білімім жеткелікті деп ойлаймын.
– Сұхбат бергеніңізге рахмет, алдағы сіздің бізге айтарыңыз болса….
– Сіздерге рахмет, алдағы болатын кездесулерге, болатын іс-шараларға қатысуға ниеттімін және сіздер тараптан әлеуметтік көмектер болса жақсы болар еді отбасымызға да.