Қоғам

Діни алауыздықты тудыру бойынша айыпталушы Нурманов Тұрсын есімді респондентпен сұхбат

(Аты-жөні өзгертілген)

– Тұрсын мырза, өзіңізді қысқаша таныстыра кетсеңіз, жасыңыз, біліміңіз, туып-өскен жеріңіз, отбасылық жағдайыңыз?

Мен Нурманов Тұрсын 1988 жылы шілде айының 26 күні дүниеге келгенмін. Тұрғылықты мекен-жайым – Көкшетау қаласы. Үйленгенмін, 3 балам бар.

– Жаза өтеу бойынша сізге қандай баптар негізінде айып тағылып отыр?

Маған тек жалғыз бап негізінде, яғни діни алауыздықты тудыру бойынша айып тағылды. Аталған бап бойынша маған осы жылдың жаз кезінде сот болып, сот шешімімен 4 жылға бас бостандығымнан айырылдым.

Сізге бірден, сіздің діни білімді қайдан және кімдерден алғандығыңыз туралы сұрақ қойсам?

– Иә, әрине жауап беруге дайынмын және сұхбат беруге келісіп отырмын ғой. Осыдан он жылдай бұрын 2010-2012 жылдар аралығында Йемен Араб Республикасына діни бағытта «Джамиатуль Иаман» университетінің «араб тілі» факультетінде білім алдым. Саудияда жүрген кезімде салафилік бағыттағы белсенді қазақстандықтармен байланыста болғанмын. Соның ішінде, Ділмұрат Махаматов, Абдураһим Башпаев, Нариман және Сәтімжан есімді белсенділермен таныстығым бар. 2012 жылдардан бастап араб тілін терең меңгергеніме байланысты сол кезеңдерден бастап «шейхтардың» тарапынан тікелей сабақтарға қатысқанмын. Саудияда жүрген кезінде тікелей шейх Абдуль Мухсин әл-Аббаттың, шейх Фаузанның және өзге де шейхтардың сабақтарына қатыстым. Сонымен қоса, Дубайда жүргенде Мухаммад Ғолиб есімді шейхтан сабақ алғанмын

Жауабыңызға қарағанда, діни білімді тек шетелден алған көрінесіз, неге шетелден алғаныңыз туралы айа аласыз ба?

Менің ойымша, осы жерде Қазақстанда дін білім алудың маңыздылығы жоқ деп ойлаймын. Осылай ғана жауап берейін, басқа қосарым жоқ.

– Сонымен, елге қай жылдары оралдыңыз және жұмысыңыз туралы айтып берсеңіз…

– Шамамен 2012-2016 жылдар аралығында Қазақстанға қайтып келдім. Қазақстанда жүрген кезімде интернет арқылы араб тілінен сабақтар беріп жүрдім. Бірақ, кейін 2017 жылдары аралығында отбасыммен бірге Саудияға қоныс аудардып, сол жақта өмір сүрдік. Кейін 2019 жылы Біріккен Араб Әмірлігіндегі Дубай қаласына келіп, университетке оқуға өтініш бердім. Университетке түсе алмағаннан кейін Дубайда сол жылдың соңына дейін сонда отбасыммен қалдым. Жалданып қызмет ете жүріп, «марказда» (орталық) қосымша сабақтар алдым. Сонымен қатар, Саудияда жүрген кезімде қажылыққа келуші қазақтарға қызмет көрсетіп, гид болып жасап жүрдім. Жамағат арасында мені Абдулла деп біледі.

– Алдағы уақытқа қандай жоспарларыңыз бар?

Алдағы уақытта мерзімімнен ерте шығу үшін бас бостандығынан шектеуге ауыстыру бойынша арыз беруге ниетім бар.

– Жақсы, Тұрсын мырза, уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button