01Қоғам

Үздік студенттер қатарына енді

Елордада 2019 жылдан бері «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасы іске асып келеді. Бұл жоба Мемлекет басшысының Жастар жылы аясында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын, сондай-ақ бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бағытында жастардың қоғамдағы әлеуметтік рөлін арттыруды көздейді.
Жоба техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын құзыреттілікті арттыруға және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ұмтылуға ынталандыру мақсатында колледждердің үздік студенттерін тануға, көтермелеуге және ілгерілетуге бағытталған.

Жоба 3 кезеңнен тұрады: колледж, аймақ және республика деңгейінде студенттерді іріктеу.

Студенттерді іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізілді: студенттік өзін-өзі басқару және еріктілер қозғалысының көшбасшысы; WorldSkills аймақтық, Ұлттық чемпионаттарының және басқа да кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпазы;
ғылыми конференциялардың қатысушысы немесе олимпиадалардың, түрлі конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпазы;
шығармашылық ұжымдардың өкілі; мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде жұмыс істейтін бағдарламалар мен қызмет бағыттарының белсенді қатысушысы.

Нәтижесінде 30 студент, қалалық деңгейдегі жеңімпаздар республикалық жобаға қатысты.

Республикалық кезеңде Нұр-Сұлтан қаласының алты студент (Клименко Алина, Айтуған Мөлдір, Ильясова Индира, Жақыпбек Райымбек, Жакенова Меруерт, Құрманаева Әсел) жеңімпаз атанып, «ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» құрамына енді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button