01Қоғам

Туберкулезге қарсы тексеру жүріп жатыр

23 қазан мен 23 қараша аралығында Нұр-Сұлтанда туберкулезді ерте анықтау үшін «ТОҚТА, туберкулез!» ұранымен қалалық ауқымды акция өтуде.

«COVID-19 пандемиясы туберкулезді уақтылы анықтауға бағытталған шаралар көлеміне әсер етті. Карантин кезеңінде туберкулезге тексерілгендер саны өткен жылмен салыстырғанда 20% азайды. Туберкулезді анықтау деңгейі үш есе төмендеді. Бұл айлық шара – қала тұрғындарын туберкулезге тексеруден өтуге, аурудың алдын алу және анықтау үшін білім деңгейін көтеруге шақыру», – дейді қалалық фтизиопульмонология орталығының директоры Анна Цепке.

Жалпы, акция кезінде алты мыңға жуық елорда тұрғынын туберкулезге қарсы профилактикалық тексеру жоспарланған. Қала тұрғындары үшін тегін флюорографиялық тексеру келесі аумақтарда жүргізіледі:
– тұрғын аудандар (Промышленный, Телман, Күйгенжар, Мичурино, Заречный, Пригородный, Железнодорожный, Өндіріс, Көктал және т.б.);
– қаланың сауда орталықтары мен базарлары («Дәулет», «Артем», «Әлем», «Жаннұр», «Джафар», «Бахус», «Әсем», «Астықжан» сауда үйлері; «Ұлжан», Бигшанхай, Орталық, «Қамқор»; «Евразия» СОО, «Аружан», «Хан Шатыр» және т.б.).

Флюорографиялық тексерумен қатар туберкулездің алдын алу бойынша кеңестер алуға болады. Қала тұрғындарының қол жетімділігін арттыру үшін демалыс күндері сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін тексеруден өтуге болады.

Сондай-ақ, полиция департаментінің қолдауымен тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдарға флюорографиялық тексеру жүргізу жоспарлануда. Мамандар тәуекел тобындағы адамдарға кеңес беріп, қашықтан көмек көрсетеді.

Бүгін, іс-шараның бірінші күні жылжымалы флюорографтар Көктал-1 (Кировская СВА ауданы, Ардагерлер к-сі, 20), Көктал-2 (Ким көшесі, 4, №5 отбасылық денсаулық орталығы) елді-мекенінің тұрғындарына қызмет көрсетті.

Флюорографтар көлігінің келесі бағыты қосымша жарияланатын болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button