#ANTIKOR.LIVE жобасы аясында Antikor Ortalygy алаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиевамен (Instagram, Facebook) әлеуметтік желілерде онлайн-диалог өтті. Тікелей эфир барысында әкімнің орынбасары Бақтияр Мәкен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендететін бағыттардың бірі – мемлекеттік қызметтерді онлайн-форматқа ауыстыру. Елордада бұл жұмысты жыл соңына дейін 100%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
“Бизнес-үдерістерді оңтайландыру, әкімшілік кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. Бүгінде әкімдік 160 мемлекеттік қызмет көрсетуде, оның 140-ы автоматтандырылған, бұл 88%-ды құрайды. Осы жылдың соңына дейін біз барлық мемлекеттік қызметтерді толық цифрландырғымыз келеді”, – деді тікелей эфир барысында Бақтияр Мәкен.
Сонымен қатар, бүгінде денсаулық паспорттарын электронды форматқа көшіру жұмыстары толық аяқталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инженерлік желілерді цифрландыру жүргізілуде. Бұл бірнеше мәселені шешуге, соның ішінде желідегі жүктемелерді көруге, қала құрылысы процестерін ауыстыруды, болжауды және модельдеуді жоспарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, елордада шығындарды оңтайландыруға көп көңіл бөлінеді.
“Мәдени-бұқаралық және имидждік іс-шаралар мен көлемді шығындар қысқартылды, даму бюджеті бойынша шығыстар қайта қаралды. Осылайша, бизнес-процестерді оңтайландыру, қайта ұйымдастыру және қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен 35 млрд теңгеден астам үнемдеу қамтамасыз етілді, олар әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға және азаматтарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған”, – деді Бақтияр Мәкен.
Айта кетейік, елордалық оқушылар қашықтан оқытуға көшкеннен кейін, компьютерлермен және қажетті техникамен толық қамтамасыз етілді. Нұр-Сұлтанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі.