“Облыстың медициналық ұйымдарында қажетті дәрілердің, оның ішінде коронавирусқа қарсы препараттардың қоры жеткілікті”,- деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Өңірдің дәріханалар желісіндегі дәрілік заттардың төмендемейтін қорын қамтамасыз ету үшін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы аса қажетті 40 түрлі дәрілік заттар сатып алынған. Бүгінде олардың біразы облыстың 164 дәріханасына жеткізілсе, қалғаны тұрақтандыру қорының қоймасында сақтаулы.
-Бүгінде облыста 3 айға дейін азаймайтын қор жасақталған. Оған қоса демеушілік көмекпен дәрілік заттардың 9 атауы бойынша дәрі-дәрмек жеткізілді. Медициналық бетперделер мен бір реттік қолғаптар да жеткілікті, – деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиев