01Мәдениет

Қарағанды және Қостанай облыстарының жәрмеңкесі өтіп жатыр

“Келушілерге санитарлық нормаларды қатаң сақтау, бетперде тағу және санитайзерлерді пайдалану қажет”,- деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
“Хан Шатыр” СОО жанындағы алаңда кезекті ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде. Қарағанды және Қостанай облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін елордаға әкелді.
Қарағанды облысынан жәрмеңкеде тоғыз аудан мен Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларынан 170-ке жуық кәсіпорын өз тауарын ұсынады.
“Біз жалпы сомасы 700 млн теңгеге 600 тоннаға жуық өнім әкелдік. Оның ішінде қой еті, шошқа еті, сиыр еті, жылқы еті, 350 тонна картоп, 100 тонна көкөніс және басқа да азық-түлік өнімдері бар. Қазір қысқа дайындық маусымы басталды, негізінен ет, картоп, көкөніс жақсы сатылуда”, – деді Қарағанды облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асқар Санаубаров.
Қостанай облысынан 50-ге жуық өндіруші өз өнімдерін әкелді. Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеге 14 аудан мен үш қала келді. Тауардың жалпы көлемі 380 тонна.
Барлық ұсынылған өнімдердің бағасы нарықтық бағадан 10-15% төмен. Сонымен, сиыр етін 1700 теңгеге, жылқы етін – 1800-2000 теңгеге, қой етін – 1800 теңгеге, шошқа етін – 1200-1600 теңгеге, картопты – 70-75 теңгеге және т. б. сатып алуға болады.
Жәрмеңке барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі

Басқа жаңалықтар

Back to top button