01Қоғам

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНА ТҮСКЕН ТҰЛҒАЛАРДЫ ОҢАЛТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі таңда жат діни ағымдардың таралуы тек қана Қазақстанда ғана емес, бүкіләлемдік мәселеге айналды. Аталған мәселе тек діни және психологиялық емес, әлеуметтік мәселе екендігі барлығымызға мәлім.

Осыған сәйкес, Қазақстанда радикалды діни идеологиялардың таралуының алдын-алуда мемлекет тарапынан және діни орталықтар мен басқармаларда ауқымды әлеуметтік жобалар жүзеге асыруда. Әлемдік зерттеулерге сәйкес, көптеген деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар сол ұйымның әсеріне ұшыраудың алдында, яғни кіруге оның әлеуметтік жағдайы, өмірлік перспективалары жоқ секілді көрінеді, пессимизм, сонымен қатар, қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алмау және т.б. Сондықтан да, Қазақстанда қазіргі таңда жат діни ағымнан зардап шеккендерді оңалтуда кешенді бағдарламалар жүзеге асырылуда. Кейбір шетелдік бағдарламалар басқа елде нәтижесі жоғары болғанымен, Қазақстанда тәжірибесіне әсері аз болуы мүмкін.

Барлығымызға мәлім, бұл оңалту жұмысы күрделі, әрі ұзақ процесстен құралады. Түрлі құқықтық, саяси, әлеуметтік және мәдени жүйелер бір жерде жақсы әсер еткенімен, екінші жерде әсер етпеуі мүмкін. Сондықтан оңалту бағдарламаларын өзгертіп, жаңартып отыруды талап етеді. Осыған орай, бүгінгі мақалада әлемдік, оның ішінде әсіресе мұсылман мемлекеттеріндегі бірнеше оңалту әдіс-тәсілдерін қарастырылады. Осы әдістер ол мемлекеттерде, мысалы Сингапурде жақсы нәтижесін көрсетуде. Нақты әдісті өз уақытында қолдана білу жұмыстың тиімділігін арттырады. Мысалы, әлеуметтік-психологиялық оңалту жұмысы алдыңғы уақытта тиімсіз болған кездері болды, бірақ қазіргі таңда жақсы нәтижелерді көрсетуде. Қосымша әр елдің өзінің салт-дәстүрлері, ұлттық-мәдени құндылықтарына насихаттау тиімді екендігін көрсеткен. Соңғы жылдары тиімді болып танылатын әлемдегі тәжірибелерге сәйкес, оңалтудың әдіс-тәсілдерін төменде сипаттап өтуге болады:

Бірінші әдіс – діни оңалту. Бұл бағдарлама көптеген мұсылман мемлекеттері мен Сингапурде қолданылып келеді. Мұнда жат діни ағымды ұстанушымен діни диалог құрылады. Ең танымал, әйгілі діни диалог бағдарламасы ол Сауд Арабиясында болып табылады. Діни диалог барысында жат діни ағым ұстанушысы мен білікті маман арасында мұсылман/мұсылман емес, жиһад секілді мәселелерді талқыға салып, пікір-талас жүреді.

Екінші әдіс – ол әлеуметтік бағдарлама. Жат діни ағымды ұстанушылардың әрқайсысының әлеуметтік жағдайлары әртүрлі. Олардың арасында жұмыссыздар қатары да көп. Сондықтан бұл бағдарламада жат діни ағым өкілдерін жұмыспен қамтамасыз етіп, олардың балаларын оқытып, отбасылық медициналық көмектер көрсетіледі. Бұл әдіс белсенді қолданылатын мемлекеттер: Йемен, Сауд Арабиясы, Малайзия және Сингапур.

Үшінші әдіс – отбасылық оңалту бағдарламасы. Жат діни ағымдарды оңалтудың тиімділігін арттыру үшін оның отбасы мүшелерімен жұмыс жүргізуді қажет етеді. Кейбір отбасы мүшелері оның сол діни ағымның жетегінде қалай кетіп қалғанында білмей қалып, онымен әрі қарай қандай қарым-қатынаста болу керектігін өздері білмейді. Оңалту барысында тек жат діни ағымды ұстанушысын ғана емес, оның отбасы мүшелерінде бақылауда ұстауды қажет етеді. Себебі, ұстанушы өз отбасымен көбірек қарым-қатынасқа түседі. Оның өзі отбасы мүшелерінің сол діни ұйымға алып келуіне септігін тигізуі мүмкін. Сондықтан да оңалту жұмысын барлық отбасы мүшелеріне жүргізу қажет. Бұл әдіс Сауд Арабиясында кеңінен таралған.

Төртінші әдіс – білім беру. Жат діни ағымды ұстанушылардың арасында, әсіресе жаңадан келгендерінің арасында жоғары оқу орнын, орта білімді аяқтамағандар көп. Онымен қоса, осы жат діни ағымның әсерінен оқуларын тастап кеткендер қаншама. Деструктивті діни ұйымдар адептілердің тек өздерінің діни әдебиеттерінің оқуына, видео және адиоларын көру, тыңдаумен шектейді. Ол тұлғаның интеллект деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады. Білім беру бағдарламасы барысында өз елінің тарихын, салт-дәстүрін, заңдарын оқыту маңызды болып табылады.

Бесінші әдіс – психологиялық бағдарлама. Көптеген деструктивті діни ағым мүшесі сол ұйымға кірмей жатып, психологиялық проблемалары болатындығы сұхбаттар барысында анықталған. Әсіресе, қыздар мен әйелдер арасында эмоционалды  тәуелділік болып, олар моральды қолдауға зәру екендігі анықталған. Екіншіден, жат діни ағым ұстанушыларында дінге деген фанатизм және дінге тәуелділік көрсетілген. Адамның бойында психологиялық проблемаларды анықтамай, онымен жұмыс жасамай, оның радикалды діни ұстанымдарын да өзгерту қиынға соғады.

Төртінші және бесінші әдістерге қосымша бағдарлама ретінде тұлғалық өсу бағдарламаларын жүргізуге болады. Бұл бағдарлама жат діни ағымды ұстанушылардың төмендегідей мәселелерін шешуге көмектеседі:

  • Өмірлік әлеуметтік жағдайларға бейімделу/қоғамға бейімделу;
  • Адамдармен қарым-қатынасты жақсарту, коммуникативті компетенттілігі мен қарым-қатынас барысындағы мәдениеттілігін арттыру;
  • Өзінің арман-мақсаттарын, қабілеттері мен әлеуеттерін жүзеге асыру.

Бағдарламаны 6 бөлімге бөліп қарастыруға болады. Бірінші бөлімде тұлғаның өзін-өзі тану, психикалық және физикалық ерекшеліктерін тануға бағытталған. Ол тұлғаның тұлғалық өсуге бірінші қадамы болып табылады. Мұнда психодиагностикалық әдістер жүргізіледі. Мысалы, Кеттелдің 16 факторлы тұлғалық сауалнамасы, проективті әдістер (Люшердің түрлі-түсті әдісі және т.б.)

Екінші бөлім – өзін-өзі реттеу, өзіндік дисциплина, өзінің ішкі қалауларын, білімін, қабілеттерін жүзеге асыру, мақсаттарын дұрыс құрып, оған жету. Мысал ретінде мынадай техникаларды атап өтуге болады: «Франклин пирамидасы», уақытты басқару бойынша «Эйзенхауэр матрицасы» және психологиялық тренингтер.

Үшінші бөлім – интеллект деңгейін дамыту және оны тәжірибе барысында дұрыс қолдана білу, күрделі мәселелер болған жағдайда тиімді шешімдер қабылдай білу. Мұнда танымдық процесстерді дамытуға арналған техникалар, мысалы, «Интеллекет-карт», мнемотехникалық жаттығулар, «мозговой штурм» және т.б. қолдануға болады.

Төртінші бөлім – өз эмоцияларыңды басқару, стресске төзімділік. Мұнда эмоционалды интеллектті дамытуға арналған әдістер қолданылады. Мысалы, рефрейминг және т.б.

Бесінші бөлім – қоғамға, өмірлік жағдайларға бейімделу, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасты арттыруға бағытталады. Көптеген жат діни ағымдарды ұстанушылар отбасы мүшелері және жақын адамдарымен шиеленістік (конфликттік) жағдайда. Осыған сәйкес, шиеленістік жағдайды шешетін психологиялық әдістер қолданылады. Олар өздерін зайырлы қоғамға қарсы қояды. Сондықтан да, оларды әлеуметтік қоғамға бейімдеу мақсатында коммуникативті дағдыларын дамыту мен қарым-қатынас барьерлерін жеңуге бағытталған тәсілдері көрсетіледі.

Алтыншы бөлім – шығармашылық тұрғыдан өзіңді дамыту. Одан бөлек, шығармашылықтың өзі тұлғаны оңалтудағы бірден-бір тиімді әдіс болып табылады. Арт-терапияның нәтижесінде, көптеген деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың балаларын оңалту мен балалардың бойындағы креативтілік деңгейін дамытуға оң әсерін тигізген.

Г.Мырзакулова,

Эксперт-психолог

Басқа жаңалықтар

Back to top button