01Қоғам

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Қазақстан әлем елдерінің алдында халқының бірлігі жарасқан, ұлтаралық және дінаралық келісімнің мекені ретінде танымал. Елімізді тұратын 130-дан аса ұлт өкілдері мен 18 конфессияға жататын 3816 діни бірлестіктер тату-тәтті өмір сүруде.

Азаматтардың ар-ождан бостандығы Ата Заңымызбен қорғалған. Ешкім өзінің діни көзқарасына және наным-сеніміне байланысты шектеу көрмейді. Бұның бәрі дін саласындағы мемлекеттік саясаттың дұрыс жүргізіліп отырғанының айғағы. Дін саласында тұрақтылықты сақтау, қоғамда конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту және діни экстремизм идеологияларының алдын алу бойынша нақты шаралар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №500 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бекітілді.

Аталған құжат, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастарды жетілдіруге, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу бойынша ресми көзқарастар жүйесі болып табылады. Осының негізінде мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастардың қазақстандық моделін одан әрі дамыту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Барлық құзіретті органдар өздерінің жұмыстары барысында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын басшылыққа алады. Атап айтқанда, мемлекет дамуының зайырлылық қағидаттарын нығайту, азаматтардың ар-ождан бостандығына құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, дін саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру басты мәселелердің бірі болып табылады.

Сондай-ақ, азаматтардың ар-ождан бостандығы мен олардың діни наным-сенімін құрметтеу құқықтарына заңнамалық кепілдік беруді қамтамасыз ету мәселелері де басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұған қоса мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіретін діни экстремизм идеяларының алдын алу да негізгі бағыттардың біріне жатады.

Осыған орай, халықты теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалына түсіп қалудан сақтандыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары халықтың барлық нысаналы топтарын жеке-жеке және жаппай қамту мақсатында мемлекеттік және жеке меншік формадағы түрлі мекеме ұжымдарымен, жоғары оқу орындары, орта және арнайы оқу орын студенттерімен, сондай-ақ, орта мектеп оқушыларымен тікелей кездесіп, дәріс оқу түрінде өткізіледі.

Алайда, соңғы кездері әлемде COVID-19 пандемиясының өршуі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тың өзгерістер әкелді.

Атап айтқанда, коронавирус індетінің қауіптілігін ескере отырып, ақпараттық түсіндіру жұмыстары толығымен онлайн форматқа көшірілді.

Қазіргі уақытта құзырлы мекемелер мен ұйымдар ғаламтор желісіндегі ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану арқылы әлеуметтік желілердегі ресми парашаларда ақпататтық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, қоғамда діни қарым-қатынастар саласындағы радикалды көріністерге байланысты кез келген әрекетке мүлде төзбеушілікті қалыптастыру аясында теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалына түскен азаматтарды оңалту, бейімдеу және әлеуметтендіру жұмыстары да жүргізілуде.

Осыған орай, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және радикалды діни ағым өкілдерін радикалды көзқарастан арылту мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен, қоғамдық және діни бірлестіктермен бірлесіп атқарылатын кешенді жұмыстар өз жалғасын табатыны сөзсіз.

Себебі, қоғамда қай салаға сұраныс болса, сол сұраныстарды қанағаттандыру үшін ұсыныстардың да болатыны ақиқат. Ал дін саласы соңғы кездегі сұранысқа ие салалардың бірі болып қала бермек.

Қ.Бейсенғазин,

Нұр-Сұлтан қаласы

Дін мәселелерін зерттеу

орталығының копирайтері

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button