06Қоғам

Түйіткілді мәселелер талқыланды

Атырау облысы бойынша өзекті мәселелерді анықтау, талқылау және шешу жолдарын қарастыруға арналған шараға 50-дей үкіметтік емес ұйым өкілдері мен облыстық әкімдік басқарма басшылары, қала әкімдігі мен БАҚ өкілдері қатысты. Фасилитация форматында өткен шара үш сессиядан құралды.
Топ-топқа бөлінген қатысушылар ең соңында облыстың дамуына үлес қосып, түйткілді мәселелерді шешуге бағытталған үздік жобаларын облыс әкімінің назарына ұсынды. Жобаларды оң бағалаған аймақ басшысы олардың жүзеге асуын қамтамасыз етуді тиісті органдарға тапсырды.
Жыл өткен сайын үкіметтік емес ұйым өкілдерінің белсенділігі жоғарылап келе жатқанына ерекше тоқталған аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов «Мемлекеттік мекемелермен бірігіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосатын түрлі қоғамдық шараларды ұйымдастырып, спорттық, танымдық, әлеуметтік жобаларды іске асырып жатырсыздар. Азаматтық қоғамның қалыптасу және даму процесі үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланысты.Осы жұмыстарыңыз арқылы өңіріміздегі азаматтық қоғамның дамуына, ұрпақ денсаулығының оңалуына, экологияның жақсаруына және әлеуетіміздің артуына себеп болатындарыңызға сенімім мол»,-деді. Сондай-ақ ол кездесудің нәтижесі Атырау өңірінің алға қарай дамып, аймақта қалыптасқан әлеуметтік мәселелерді шешуге және атқарушы органдардың қызметіне тың серпін беріп, жаңа сапалық деңгейге көтеруге өз септігін тигізетінін атап өтті.
Ал өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова 2020 жылы жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 14 бағыт бойынша 734 452 880 теңге қаржы бөлінгеніне тоқталды. Соның негізінде білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру, спорт, азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаны қорғау мен жастар саясаты т.б салаларды іргелі жұмыстар жасалған. Сондай-ақ Бақытгүл Хаменова «Коронавируспен күресте үкіметтік емес ұйымдар ерекше белсенділік танытып, бір жұдырықтай жұмылып халыққа көмек көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз»,-деді.
Қазіргі таңда Атырау облысында Әділет департаментіне заңды тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың жалпы саны 667. Оның 543-і – Атырау қаласында болса, 124-і аудандарда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button