19 және 20 қыркүйекте “Хан-Шатыр” СОО жанындағы алаңда Қызылорда және Ақтөбе облыстары шаруаларының жәрмеңкесі өтеді. Олар нарықтан 10-15% төмен бағамен 80-нен астам тауар түрін ұсынатын болады.
Барлығы 540 тонна өнімді, оның ішінде: 146 тонна күріш, 129 тонна картоп пен көкөніс, 62 тонна ет, 30 тонна балық өнімдері, 13 мың дана тауық жұмыртқасы, 7 тонна шұжық өнімдері, 5 тонна ұн және макарон өнімдері, 5 тонна алкогольсіз сусындар және т. б. сату жоспарланып отыр.
Жәрмеңкеге 90 отандық өндіруші қатысады (“Айс” ЖШС, “Агрофирма Тау” ЖШС, “Ново-Альджанский мелькомбинат” ЖШС, “Рамазан” ЖШС, “Ақтөбе-нан” ЖШС, “Айбек” ӘКК шұжықтары мен ет деликатестері, “Степное” ЖШС, “Рокос” ЖШС, “Изет ГринХаус” ЖШС және “Гринхаус Қазақстан” ЖШС жылыжай көкөністері, “Мир круп” тұзы, “Жаңажол” күріш, “Сырмаржаны”, “Байқоңыр” Агрохолдингі”, “Наймир”, “Байқоңыр” ӘКК).
Келушілер қатаң санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауы керек. Келушілерге бетперде тағып, антисептик қолдануды ұмытпау ескертіледі.