01Қоғам

Әскерге шақырылушылар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатарына қосылды

“Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қыркүйек айының басында басталды”,- деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін күзгі әскери науқанның алғашқы легі Нұр-Сұлтаннан ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне аттанды.

Әскерге шақырылушылар ант қабылдағаннан кейін Қазақстанның шығысындағы мемлекеттік шекараны күзететін болады. 2020 жылғы күзгі шақырудың ерекшеліктері туралы Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің штаб бастығы, полковник Айдын Сағынбеков айтып берді.

“Қазіргі шақырудың ерекшелігі – коронавирус инфекциясы таралуының алдын алудың барлық шараларын қатаң сақтау. Әскерге шақырылушылар коронавирусқа тест тапсырады. Жасөспірімдер мен медициналық комиссия мүшелері медициналық бетпердемен және антисептиктермен қамтамасыз етілген”, – деп түсіндірді Айдын Сағынбеков.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қыркүйек айының басында басталған болатын.

Осы күзде Нұр-Сұлтаннан келген 800-ден астам жігіт борышын өтеу үшін еліміздің түкпір-түкпіріне аттанады. Олар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің шекара қызметі мен Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінде қызмет ететін болады. Ол үшін медициналық комиссия 18-27 жас аралығындағы тоғыз мыңға жуық әскерге шақырылушыны тексеруден өткізеді.

“Болашақ сарбаздарға үлкен талаптар қойылады. Біз әскери бөлімдерді сапалы жасақтауға ерекше көңіл бөлеміз. Әскерге шақырылушының физикалық жағдайы мен денсаулығы ғана емес, психологиялық дайындығы мен білім деңгейі де тексеріледі”, – дейді Айдын Сағынбеков.

Айта кетейік, әскерге шақырылушылардың ата-аналары мен жақын туыстары шығарып салу кезінде санитарлық нормаларды қатаң сақтауда

Басқа жаңалықтар

Back to top button