ҚР консервіленген балық пен уылдырық шығару өндірісі үш есеге артқан. Бұл саланың алдыңғы қатарында, әдеттегідей, Атырау облысы тұр.
2020 жылдың қаңтар – шілде айлары аралығында дайын немесе басқа да әдіспен консервіленген балық пен уылдырықты және оны алмастырғыштарды өндіру 15,6 мың тоннаға жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,1 есеге асып түскен, дейді energyprom.kz.
Бүкіл өндірістің екіден үші, яғни 64,2%-ы Атырау облысының еншісінде: 10 мың тонна – бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 40,6 есе артық. Жоғарғы үштіктің сапында Батыс Қазақстан (екі мың тонна, +11,7%) және Түркістан облыстары (1,8 мың тонна, +57,1%) бар.
Балықты, шаян тәріздестер мен теңіз жәндіктерін өңдеп консервілеу өндірісінің ақшаға шаққандағы нарығы 13,6 млрд. теңге (ӨӨИ – 212,1%). Айта кетсек, Мемлекет басшысы балық саласына ерекше көңіл бөлу керек екенін атап өткен, дейді ҚР Премьер министрінің ресми сайтында. Қарашаға дейінгі мерзімде әкімдіктермен бірлесе отырып, балық шаруашылығын дамытуға бағытталған аймақтық бағдарламалар әзірленіп, аймақтық көрсеткіштер анықталады.
Алғашқы жарты жылдың қорытындысына сай, Қазақстан компаниялары өңделген, консервіленген балыққа, шаян тәріздестер мен теңіз жәндіктеріне деген сұранысты (экспорт пен ішкі рынокте өткізу) 62,6%-ға қанағаттандырды, былтырғы көрсеткіш тек 40% болатын. Осы кезеңде өндіріс үш есеге жуық өсіп, 42 мың тоннаға дейін жетті. Импорттың еншісінде 37,4%. Қазақстанға сырттан 25,1 мың тонна өнім келген – ол былтырғыдан 9% -ға көп. Экспортқа шыққан тауар көлемі 16,8%: 11,3 тонна балық – былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 19,7% кем. Тамыз айында былық пен теңіз өнімдері, былтырғы тамызбен салыстырсақ, 12,4% қымбаттап кетті. Қызылорда (18%-ға), Павлодар (16,3%), Қарағанды (15,9%) облыстарында баға әжептеуір көтеріліп кетті. Мұздатылған балық – 14,1%-ға, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 13%-ға, тұздалған және ысталған балық – 9,9%-ға қымбаттады. Балық консервілерінің ішінде деликатес қатарындағылардың бағасы 11,1%-ға, ал деликатеске жатпайтындарының бағасы 10,5%-ға артты.
Ал, биылғы 18 тамыз күні Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанда балық саласын дамытуға қатысты бірнеше тапсырмалар берген болатын.
«Облыс әкімдектеріне экология министрлігімен бірлесе және балық шаруашылығын аймаққа бөлу схемасын ескере отырып, биылғы қараша айының біріне дейін басымды субсидия бөлу, жер телімін бөлуіп беру, инфрақұрылымға қосу және жер-жерлерде мемлекеттік қолдаудың басқа да шараларын танытатын нақты көрсеткіштер мен қажет істерді атай отырып және балық шаруашылығын дамытуға қатысты аймақтық бағдарламаларды әзірлеп шығуды тапсырамын»
Экология министрлігіне басқа да мүдделі мемлекеттік органадармен бірлесе отырып, бір ай мерзімде бизнес қауымымен балық саласына бөлінетін субсидия көлемін ұлғайтуға қатысты мәселені талдап алып, өзара келісілген ұсыныспен Үкіметке шығу тапсырылды. Мамин балық аулау мен оны қолдан өсіру тамақ өнеркәсібіндегі басымды саланың бірі болып саналатынын, әлеуеті зор және қарқынды өсіп келе жатқанын айтып өтті.
«Жүзеге асырып жатқан шаралардың арқасында биыл қолдан өсірілгенсоңғы екі жылда 1,6 есе өскен тауар балық көлемін 9 мыңға дейін жеткізу жоспары бар. Ал, олдан өсірілетін балықтың басым бөлігін беретін бірнеше аймақ бар – олар Түркістан, Алматы, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстары. Балық өндірісін айтарлықтай кеңейтіп, 600 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндіктер бар. Балық шаруашылығы саласы Агро өнеркәсіп құрылымндағы базалық құрылымның біріне айналуы керек, экспорт көлемі 10 есеге артып, 300 мың тоннаға жетеді, қосымша, кем дегенде, 100 мың жұмыс орыны ашылады», дейді үкімет басшысы. Оның ойынша, әр аймақта балық шаруашылығы ұйымдастырылып, көлдер бизнес субъектілеріне бекітіліп берілуі тиіс, жаңа ауланған сапалы балықты сататын сауда орындарының санын көбейту керек екен. Асқар Мамин өз сөзін «Азаматтардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету барысында, ДДҰ бір адамға 16 кг-нан деп есептеп отырған межеге жақындау үшін, халықтың көбірек балық етін жеуіне мүмкіндік жасауымыз керек. Үкімет бұл үшін қажет шараның бәрін қолдануға дайын», деген уәдемен аяқтады