01Қоғам

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы әкімшілігінің басшысы ауысты

«Астана» Халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасы болып Ернұр Рысмағамбетов тағайындалды, деп хабарлады қаржы орталығының баспасөз қызметі.

Бұл орынға ол Нұрлан Құсайыновты ауыстырып отырды. Осы қызметке тағайындалғанға дейін, Рысмағамбетов Халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Қаржы орталығының баспасөз қызметі Құсайыновтың қандай қызметке ауысқаны жайлы білмейтін болып шықты. 34 жасар Рысмамғамбетов түрлі жылдары JP Morgan Chase инвестициялық банкінің сараптама бөлімдерінде, Wilshire Associates, Inc, инвестициялық компаниясында, «Самұрық-Қазынаның» жылжымайтын мүлік қорында, Falah Growth Fund тікелей инвестициялар қорында жұмыс істеген.

2017 – 2019 жылдары АХҚО үздіксіз кәсіби даму Бюросының (AIFC BCPD) директоры болды. АХҚО – Қазақстан астанасындағы салық, валюта, виза мәселелері жеңілдетілген, ерекше режиммен жұмыс істейтін, экономикаға инвестициялар тарту мақсатында құрылған іскери аймақ. Орталық компанияларды тіркеуін 2018 жылдың қаңтар айында бастаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button