2020 жылдың қаңтары мен тамыз айын қоса алған аралықта республикалық бюджеттен базалық зейнет ақыны төлеу үшін 511,6 млрд. теңге, ал ынтымақты зейнет ақы төлемдері үшін – 1 трлн. 141,1 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлайды Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау Министрлігінің баспасаөз қызметі.
2020 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен зейнет ақыны төлеу үшін 208,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнет ақыны төлеу үшін – 64,7 млрд теңге, ал ынтымақты зейнет ақыға – 144,2 млрд теңге аударылған.
2020 жылдың 1 қыркүйегіне қарай елдегі зейнеткерлердің саны 2 млн 209 мың адам. Зейнет ақының орташа мөлшері (базалық зейнет ақыны қоса есептегенде) 2020 жылдың 1 қыркүйегіне қараған тұста 94 967 теңге болды.
Естеріңізге сала кетсек, базалық зейнт ақы төлемдері, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап, әрбір алушыға, оның зейнет ақы жүйесіне қатысқан өтілін есептей отырып, жеке-жеке тағайындалады. Оның үстіне, зейнет ақы жүйесі өтіліне ынтымақты жүйе тұсында 1998 жылдың қаңтарына дейін жиналған, сонымен бірге, міндетті зейнет жарнасы (бұдан әрі – МЗЖ) төленіп келген кезеңдердегі еңбек өтілі қосылады.
Егер де зейнет ақы жүйесіндегі өтіл 10 немесе одан да аз мерзімге шақ болса, сондай-ақ, өтіл тіпті болмаса, базалық зейнет ақы мөлшері ең төменгі күнкөріс шамасының 54%-ы көлемінде тағайындалып, 10 жылдан астам уақыт бойы оның мөлшері жыл сайын 2%. Артып отырады.
Мысалы, 20 жылдық қатысушы өтілі бар болса, базалық зейнет ақы күнкөріс минимумының 74% құрайтын болады, 30 жыл – күнкөріс минимумының 94%. Өтіл 33 жыл және одан да көп болса, онда базалық зейнет ақы мөлшері ең төменгі күнкөріс шамасымен 100% теңеледі.
Егер де бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнет ақы қорына МЗЖ бірнеше рет аударылған болса да, жанақтаушы жүйеге қатысқан мерзім бір айды құрайды. Сондықтан да, міндетті зейнет ақы жарналары неғұрлым тұрақты әрі толығымен төленіп тұрса, зейнет жасына жеткен кезде алатын базалық зейнет ақы мөлшері де соғұрлым жоғары болады.
Жас шамасына қарай зейнет ақы мөлшеріне келсек, ол 1998 жылдың 1 қаңтарына қараған шақтағы еңбек өтіліне (кем дегенде алты айлық өтіл) және зейнет жасына таман уақыттағы айлық орташа табысқа байланысты.