Тікелей инвестициялардың жалпы көлемі биыл 3,6 миллиард АҚШ долларын құрады, ең ірі инвесторлар – Нидерланд, АҚШ және Ресей.
Биылғы ІІ тоқсан қорытындысы бойынша, жаһандық экономика құлдырау екпінін сақтап қалды, деп хабарлайды finprom.kz. порталы.
Пандемияны ауыздықтауға бағытталған карантин шаралары экономикалық белсенділікке қатты соққы болып тиді. Алайда, осыған қарамастан, халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанда мемлекеттік қарыздың төмен деңгейін, сыртқы ауыртпалықтарды жеңілірек қабылдауға мүмкіндік беретін айтарлықтай қаржы резервтері бар екенін ескеріп отыр.
ҚР ұлттық экономика Министрлігінің болжамдары бойынша, елдегі ІЖӨ өсімі 2021 жылы 2,8%, ал 2025 жылы 4,6% көрсетеді. Барлық базалық салаларда жағымды өсім болады деп күтілуде. Оның үстіне, биыл Moody’s және FitchRatings сынды рейтинг агенттіктері Қазақстан рейтингін инвестициялық сенімді деңгейінде нақтылап отыр.
Дағдарыс жағдайында, ҚР сыртқы экономикалық саясатының шешуші элементі болып саналатын экономиканың жан-жақты болуының маңызы арта түседі. Оның үстіне, Қазақстан экономикасы қазір сырттан келетін инвестицияларға аса мұқтаж. Бұл күндері Қазақстанда инвестиция үшін қолайлы жағдай жасалған: жеңілдетілген салық режімі, ұлттық заңнамалар ылғи да жетілдіріп отырылады, инвестиция салуға мүмкіндіктер мол. Басым деп танылған салаларға инвестиция салған инвесторға салық заңнамасының тұрақты болатыны үшін кепілдік беріледі.
Бұл шаралар Қазақстанның инвестициялық хал-ахуалын жақсартуға септігін тигізіп отыр. Мысалы, 2018 – 2019 жылдары бүкіл әлемде ивестициялық белсенділіктің бәсеңсігені байқалғанымен, Қазақстанда тікелей шет ел инвестициялары бір жылда 15,8%-ға артты, ал 2019 жылы өткен жылғымен бірдей деңгейде қалды – 24 млрд АҚШ доллары. Биылғы І тоқсанда инвестициялардың ағымы 3,6 млрд АҚШ доллары көлемінде. Ірі инвесторлар – Нидерланд (988,3 млн. АҚШ долл.), АҚШ (744,9 млн АҚШ долл.) және Ресей (379,9 млн. АҚШ долл.).