12Технология

Су резервуарының құрылысы аяқталды

Қарақия ауданының Жетібай ауылында «Аумақтарды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан 3000 м³ су резервуарының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Жетібай ауылының әкімі Қуаныш Асанов мәлім етті. Оның айтуынша, жоба құрылысы кезінде 20 адам жұмыспен қамтылды.

«Жетібай ауылында бұған дейін 4000 м³ су резервуары болды. Бірақ жаз мезгілінде кейбір шағын аудандарға су жетіспеуіне байланысты бюджеттен қаражат бөлініп, қосымша резервуар салу қажеттілігі туындаған. Нысан аумағына асфальт төселді. Аталған мәселені шешу мақсатында қосымша жаңадан 3000 м³ су резервуары салынды.», – деді ол.

Жетібай ауылындағы халық саны 13216 адам. Елді мекенде 4 көп қабатты тұрғын үй және 2616 аула бар. Жаз мезгілінде шеткі шағын аудандарда су тапшылығы сезіледі. Жаңа резервуар қолданысқа берілгеннен кейін су мәселесі толық шешіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button