01Қоғам

Жаяу жүргінші өткелдері іске қосылды

Нұр-Сұлтан қаласында қосымша жарықтандырумен реттелетін 14 жаяу жүргіншілер өткелі қосылды. Жолдарда әдеттегі көше жарығынан басқа, арнайы жарықтандыру қолданылады.

Елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағдарламасы аясында маңызды міндеттердің бірі ретінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету қарастырылған. Осылайша жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның рұқсат беретін белгісінің жануы кезінде жаяу жүргіншілер жолына және жаяу жүргіншілерге арналған жолдың өзіне арнайы интеграцияланған жарықтандырумен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерін жобалау жүргізілді.

Қосымша жарықтандырумен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүйесі — қараңғы уақытта жаяу жүргіншілердің жолда көрінуін жақсартуға арналған. Осылайша қосымша жарықтандыру — көру деңгейін жақсартуға және жүргізушілердің назарын аударуға арналған.

Мұндай жаяу жүргіншілер өткелдерінің жұмыс принципі адамдардың қозғалысына рұқсат беретін белгімен бір уақытта арнайы жарықты қосудан тұрады:

1) жаяу жүргінші шақыру панелін басады;

2) жаяу жүргінші үшін жасыл белгі жанады;

3) қосымша жарық жанады.

Қосымша жарықтандырумен жаяу жүргіншілер өткелдері Кенесары, Достық, Мәскеу – Хмельницкая, Күйші Дина, Қонаев, Ақмешіт, Түркістан және Алматы көшелерінде, сондай-ақ Тәуелсіздік, Абай, Момышұлы және Мәңгілік Ел даңғылдарында орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button