Спорт

«Джиро д’Италия» виртуалды жарысына қазақстандық екі велошабандоз қатысады

Бүгін «Джиро д’Италия» виртуалды жарысының бесінші кезеңі өтеді. Оған қазақстандық «Астана» командасынан екі велошабандоз қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Осылайша, стартқа Якоб Фульсанг пен Ион Исагирре шығатын болды. Олар велостанокта 30 шақырым қашықтықты бағындыруы тиіс.

Айта кетейік, бірінші кезеңде қазақстандық Алексей Луценко ерекше көзге түсіп, мәреде үздік уақыт көрсеткішін көрсеткен еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button