ДенсаулықҚоғамТехнология

Портал арқылы 2,7 мыңнан астам оңалтудың техникалық құралдары берілді

Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерге арналған әлеуметтік қызметтер порталын (бұдан әрі – портал) іске қосты. Бүгінгі күні портал арқылы 2734 оңалтудың техникалық құралдары (бұдан әрі – ОТҚ) берілді. Шамамен 3000 тапсырыс жеткізілу сатысында.

Портал мүгедектігі бар адамдарға ОТҚ өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмектің кепілдік берілген түріне тапсырыс беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген ОТҚ-ны жеткізу арқылы алуға немесе өзіңізге алып кету болады.

Қазіргі уақытта порталда ОТҚ-ның 55 түрінің 24-іне қолжетімді. 2020 жылдың екінші жартыжылдығында мүгедектер үшін портал арқылы жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтеріне тапсырыс беру, сондай-ақ санаториялық-курорттық емдеуді жүзеге асыру үшін ұйымды таңдау мүмкіндігі берілетін болады. ОТҚ-ның қалған түрі 2021 жылы порталға ауыстырылатын болады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбаларды ұсынуды қамтиды.

Естеріңізге сала кетейік, Электрондық ресурс мүгедектігі бар адамдарды қажетті қызметтермен және ОТҚ жеткізушіден тікелей қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ендіру Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде көзделген.

Порталды пайдалану бойынша консультацияларды колл-орталықтан 1411 нөмірі бойынша алуға

Басқа жаңалықтар

Back to top button