ДенсаулықҚоғам

Тоқаев дәрігерлер тапшылығын шешу жолын ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің тапшылығы мәселесін шешуді жүктеді.

«Интернатурадан өткен түлектерді тартып, эпидемиологтар мен инфекционистердің тезірек даярлануын қамтамасыз ету керек. Ахуалы жайлы өңірлерден жайсыз өңірлерге мамандарды іссапарға жіберген абзал», – деді Президент коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы күреске волонтерлерді тарту мәселесін де пысықтау керектігін жеткізді.

«Медицина қызметкерлерінің мотивациясын сақтап, еңбектің жайлы шарттарын, сонымен бірге медициналық персоналдардың уақтылы ротациясын қамтамасыз ету керек. Алдыңғы шепте жүрген әрі науқастарды емдеп жатқан медицина қызметкерлерін ынталандырған дұрыс. Медицина қызметкерлерін материалдық тұрғыда ынталандыру шараларының бөлінуіне бақылауды күшейту керек», – деді ол.

Дереккөз: inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button