Басты жаңалықЖаңалықтар

АЭС салуға неліктен Балқаш таңдалған?

Энергетика минстрлігі Балқаш АЭС салуға ыңғайлы жер ретінде сонау КСРО кезінде таңдалып қойылғанын айтыпты. Бұл туралы журналист Ақнұр Асқар жазды.

Оның айтуынша, Балқаш төңірегінде тау-кен өнеркәсібі дамыған, оған қыруар энергия қажет. Бірақ бұл өңірде энергия генерацияланбайды. Ал тұтыну көлемі өте жоғары. АЭС оңтүстік пен солтүстіктің арасын байланыстыратын үлкен қуат желісінің қақ ортасында болады бұйырса.

«Кеңес кезінде де, тәуелсіздік жылдарында да Балқаш маңынан көмір станциясын салу жоспарланған екен. Егер он жыл бұын  салып тастасақ, өңірдің экологиясын бүлдірудің көкесі сонда болар ма еді. Қазақстанға 1 емес, 3 бірдей АЭС керек деген де пікірлер бар. Оларға сенсек, Балқашта, сосын Курчатов пен Ақтауда салған ыңғайлы көрінеді. Батыста АЭС салса, теңіздің суын тұшытып, халықты таза ауыз сумен қамтуға да болады», – дейді журналист.

Бұрын жүздеген жылда болатын жаңалықтар ондаған жылда болып жатыр ғой. Амандық болса, көре жатармыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button