«Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздары анықталды
Естеріңізде болса, 2024 жылы 25 шілдеде Қырғызстандағы JICA «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жетекшісі Ахикиса Харагучидің қатысуымен жергілікті тауарөндірушілердің көрмесі өтті.
Бұл шараға облысымыздың 40-қа жуық өнім өндірушілері қатысып, өздерінің үздік өнімдерін таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Көрме аясында әртүрлі ауыл шаруашылығы өнімдері, қолөнер бұйымдары және тамақ өнімдері ұсынылды, бұл өз кезегінде ауыл кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндіктер тудыруда.
Көрмеге қатысушыларды кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған жұмысшы топ мұқият бағалап, 10 тауарөндірушіні үздік деп анықтады. Біз үздіктермен осы фейсбук желісінде жеке-жеке таныстырып өттік. Бұл таныстырулар арқылы ауыл кәсіпкерлерінің еңбегі, олардың өнімдері мен идеялары халыққа кеңінен таныстырылды. Нәтижесінде, жоба халық арасында үлкен қызығушылық тудырып, бизнес үшін жаңа серпін берді.
Ендігі кезекте Палатамен арнайы Бренд комитет құрылды, оның төрағасы болып Палатаның Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов тағайындалды. Бренд-комитеттің құрылуы аймақтық брендті қалыптастыру және тауарларды таңдаудағы шешімдерді қабылдау процессін тиімдірек ету мақсатында жүзеге асырылды. Нәтижесінде, тауарларды таңдауда және аймақтық брендті тағайындау туралы шешім қабылдауда дауыс беру құқығы бар 21 адамнан құрылған өңірлік Бренд-комитет «Бір ауыл – бір өнім» жобасы бойынша 3 жеңімпазды анықтады.
Жеңімпаздар төмендегі кәсіпкерлер болып табылады:
- Ишанова Мархабат Мамбетәліқызы – қарағаштан домбыра жасау (Қызылорда қаласы). Мархабаттың қолынан шыққан домбыралар тек музыкалық аспап ретінде ғана емес, сонымен қатар қазақ мәдениетінің символы болып табылады. Оның туындыларының ерекшелігі – табиғи материалдардан жасалуы, әрі әр домбыра өзіндік әуен мен тарихқа ие.
- Сексенбаева Роза Жақсылыққызы – ешкі сүтінен жасалған сүт өнімдері (Қазалы ауданы). Розаның өнімдері экологиялық таза, табиғи және денсаулыққа пайдалы. Ешкі сүтінің құрамында көптеген пайдалы заттар бар, сондықтан оның өнімдері нарықта үлкен сұранысқа ие.
- Орекешова Зәуреш Артықбайқызы – түйе етінен шұжық өнімдерін дайындау (Арал ауданы). Зәурештің өнімдері ерекше дәмі мен сапасымен ерекшеленеді. Түйе етінің дәстүрлі тағамдардағы орны мен маңыздылығы зор, сондықтан оның шұжықтары халық арасында танымал.
Алдағы уақытта жоба жеңімпаздары республикалық көрмеге қатысып, Атамекен палатасының қолдауымен өз өнімдерін республикалық және халықаралық деңгейге шығаруға толық мүмкіндік алады. Бұл мүмкіндіктер жеңімпаз кәсіпкерлердің бизнесін дамытуға, жаңа нарықтарға шығуға, сондай-ақ, ұлттық өнімдерді әлемдік деңгейде танытуға жол ашады.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер нағыз кәсіпкерлер ретінде ауыл шаруашылығы мен қолөнерді дамытуға үлес қосып, еліміздің экономикасына оң әсер етесіздер. Сіздің еңбектеріңіз бен жетістіктеріңіз баршаға үлгі боларлықтай! Алдағы уақытта сіздерге жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз.
Облысымыздың кәсіпкерлері мен өнім өндірушілерінің қолдауымен «Бір ауыл – бір өнім» жобасы тағы да жаңа белестерді бағындырады. Келешекте осындай бастамалар арқылы ауылымыздың экономикасын нығайтуға, ұлттық брендті қалыптастыруға, және мәдени мұрамызды сақтау мен дамытуға мүмкіндік аламыз.
Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және алдағы жұмыстарымызда сәттілік тілейміз!