Басты жаңалықЖаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында сел қауіпті кезең аяқталды

ШҚО-да 15 мамырдан 15 қыркүйекке дейін созылды.

Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында сел түзілу үрдістері кең таралған.

Сел қаупін өңірдің төрт ауданында орналасқан 13 өзен бассейдері-Зайсан ауданы (Кендірлік, Жеменей өзендері), Риддер қ. (Граматуха, Ақ Үбі, Быструха өзендері), Алтай ауданы (Тұрғысын өзені), Катонқарағай ауданы (Сарымсақты, Бұқтырма, Өрел, Берел, Қалмачиха, Чиндагатуй, Арасан өзендері құрайды).

Облыс аумағында бар 144 мұздақ көл 11 елді мекенге қауіп төндіретін ауылдың 13 ошағын құрайды

Қазселденқорғау мамандары атап өткендей, сел көріністері қатты жауын-шашыннан кейін, қатты жер сілкінісі кезінде ғана мүмкін болады.

Облыста сырғыма  қаупі бар учаскелер сирек кездеседі, тек 9 учаске негізінен жағалау беткейлері мен автожолдардағы таулардың астында. Бұл Алтай, Катонқарағай, Зайсан аудандарында және Риддер қ. орналасқан Громотуха, Үбі, Черновая, Хамир, Бұқтырма және Кендірлік өзендерінің бассейндері.

«Өңірде 123 күнге созылған сел қаупі бар кезеңде жағдайды қадағалау үшін штаб жұмыс істеді, 10 бақылау гидробекеті жұмыс істеді, оның ішінде 9 маусымдық және 1 жыл бойы, 13 сел қаупі бар учаске бойынша 110 жерүсті зерттеу, сондай-ақ 9 сырғыма қауіпті учаске бойынша 56 зерттеу жүргізілді. Громотуха өзені бассейнінің биік таулы 5 мұздақ көліне арба көлігімен сел қауіпті учаскелерге зерттеу және батиметриялық өлшеулер жүргізілді.  Сонымен қатар екі аэровизуалды тексеру жүргізілді. Нәтижелері бойынша мұздақ көлдердің бұзылу және селдердің пайда болу қаупі  байқалмайды», – деп «Қазселденқорғау» Шығыс Қазақстан филиалының басшысы Советбек Станбеков түсіндірді.

Қазіргі уақытта өңірде қысқы қар көшкіні қаупі бар кезеңге дайындық жұмыстары басталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button