ШҚО-да бірінші жартыжылдықта қоғамдық орындардағы қылмыстық құқық бұзушылықтар 8,8% – ға төмендеді
Департамент аппараты басқармаларының, аудандық полиция бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ жеке құрам ағымдағы жылдың 6 айындағы жедел-қызметтік қызметтің нәтижелері қаралған жедел кеңеске қатысты.
Бірінші кезекте, ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сапарбекұлы Сәденов қойған міндеттердің іске асырылу барысын барлық қатысушыларға жеткізіп, бірқатар көрсеткіштер мен кемшіліктерді атап өтті.
« Жалпы облыс бойынша қоғамдық орындарда және жасөспірімдермен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 8,8% – ға төмендеуі байқалады. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлық көрсету, алаяқтық, тонау және ұрлық азайды. Сондай-ақ, жалпы қылмыстың ашылуы жақсарды. Сонымен қатар, жол қауіпсіздігі әлі де жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Жол-көлік оқиғалары орын алуда, сондықтан жүргізушілердің жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, әсіресе демалыс маусымы мен көлік ағынының ұлғаюын ескере отырып, бірқатар пәрменді шаралар қабылдау қажет», – деп атап өтті облыстың бас полицейі.
Полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков шетелдік туристердің біздің өңірде, әсіресе шекара маңындағы аудандарда (Алтай, Марқакөл, Катонқарағай, Зайсан және Тарбағатай) болу қауіпсіздігі мәселелеріне және «Таза Қазақстан» акциясының барысына, абаттандыру ережелеріндегі бұзушылықтарды, рұқсат етілмеген полигондарды, қоғамдық орындардың ластануын анықтау бойынша жұмысты күшейту қажеттілігіне ерекше тоқталып өті.
Интернет-алаяқтықтарға, қылмыстың ұйымдасқан түрлеріне, оның ішінде адам саудасына қарсы іс-қимыл, есірткі қылмысына қарсы күрес, синтетикалық түрлер мен олардың жарнамаларын анықтау ерекше бақылауда қалып отыр.
– «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар бөлігінде жаңадан енгізілген заңдарды іске асыруға ерекше назар аудару, осы санаттағы қылмыстық істерді толыққанды тергеп-тексеруді және сотқа жолдауды қамтамасыз ету» – деп қорытындылады ПД бастығы.
Жедел кеңес соңында полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков әрбір басшыға қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.