Басты жаңалықЖаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «Жайлы мектептер» құрылысының барысын тексерді

Өңір басшысы Опытное поле ауылындағы, Белоусовка ауылындағы, сондай-ақ Өскемен қаласындағы Бабкина Мельница шағын ауданындағы «Жайлы мектептерінің» құрылыс барысымен танысты. 

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Глубокое ауданы Белоусовка ауылы мен Опытное поле ауылындағы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан нысандарын аралады. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, екі нысанда тіреу қабырғалары тұрғызылды.

Сондай-ақ облыс әкімі «Бабкина Мельница» шағын ауданындағы Тимофеев көшесіндегі мектептің құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Жоспар бойынша учаскедегі жұмыстарды биылғы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған болатын, бірақ қазіргі уақытта құрылыс кезеңі белгіленген жоспарға сәйкес келмейді.

– Мердігер жұмыстың үш ауысымда жүргізіліп жатқанын, бірақ нәтижесі көрінбей тұрғанын, сондықтан бұл мектептің құрылысын ерекше бақылауға алу керек, – деді облыс әкімі.

Айта кетейік, облыста «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 7 мектепті аяқтау жоспарланған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button