Шығыс Қазақстанда өрт қаупі бар кезеңге дайындық жүріп жатыр
Шығыс Қазақстан облысында өрт қауіпті кезеңде облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Өрт қауіпі кезеңнің басталуынан бері аумағы 0,3 га 8 орман өрті тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5 есеге аз.
Облыс аумағында жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы 13 орман шаруашылығы кәсіпорны, 2 табиғи қорық және 1 ұлттық парк бар. 52 мобильді топ құрылып, 964 рейдтік іс-шара өткізілді. Елді мекендерде өрт сөндіру бекеттері құрылды», – деді аймақ басшысына ШҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде жеке құрамында 1329 адамы, сондай-ақ 240 техника бар. Мемлекеттік орман күзеті 1361 адам мен 226 бірлік өрт сөндіру техникасы дайындады. Орман қорындағы әуе патрульдерін 4 бақылаушы ұшқыш және 15 десантшы өрт сөндіруші қызметін атқарады. Сондай-ақ, алдын алу мақсатында ұзындығы 90 шақырымды құрайтын минералданған жолақтарды салу жұмыстары басталды.
– Жауапты органдар үнемі сақтықта болуы тиіс. Барлығын дұрыстап тексеріңіздер. Жұмыс сағат механизмі сияқты реттеліп. Табиғат пен адамдарға зиянын тигізбеу керек, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Аймақ басшысы халық арасында өрттің алдын алу бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ балалар лагерьлері мен туристік аймақтарда қосымша профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттігін еске салды.