Басты жаңалықЖаңалықтар

Қазақстанда авторлық құқықты бұзғаны үшін айыппұл салыну мүмкін

Қазақстанда айыппұлдың жаңа түрі енгізілуі мүмкін. Мұндай түзетулер зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі заң жобасында қамтылған, – деп хабарлайды janalyq.kz.

Құжатта көптеген маңызды түзету бар, соның ішінде авторлық құқықты бұзғаны үшін айыппұл салу. Айта кетейік, бүгінде авторлық құқықты бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Қылмыстық кодекстің 198-бабы бойынша ең төменгі жаза (“авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзу”) 80 АЕК-ке дейін (2024 жылы 295 360 теңге) айыппұл түріндегі жазаны, ең жоғары жаза – 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

“Қазіргі уақытта авторлық құқықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мәселесі пысықталып жатыр”, – деп хабарлады Әділет министрлігі.

Бұдан басқа, заң жобасында көзделген түзетулер:

  • Авторлардың және өзге де құқық иеленушілердің құқықтарын нақтылау (ретрансляция бойынша);
  • көру қабілеті бұзылған адамдардың жарияланған жұмыстарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында авторлардың құқықтарына шектеулерді толықтыру;
  • көрсетілетін қызметті алушылардың өтінімдері бойынша тауар белгілерін жедел тіркеуді енгізу;
  • белгілеуді тауар белгісі ретінде тіркеуге қарсылық беру мерзімін ұлғайту (1 айдан 2 айға дейін);
  • патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметін олардың мамандануына сәйкес ажырату;
  • аттестаттау және апелляциялық комиссияны уәкілетті орган жанындағы патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметі мәселелері жөніндегі комиссияға қайта құру туралы;
  • тауар таңбаларын тіркеуден бас тарту негіздерін нақтылау;
  • ресми сараптама сатысында өнертабысқа патент беруден бас тарту мүмкіндігін белгілеу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button